Жылдың соңғы жарысы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жылдың соңғы жарысы

Петропавловск қаласында шаңғы жарысынан көру қабілеті төмен және тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Бұл 2015 жылдың желтоқсан айы соңында ұйымдастырылған соңғы елішілік бәсеке болды.

Қазақстан Кубогын сарапқа салуға жеті облыстан, атап айтқанда, Алматы қаласы  және Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан келген ең үздік спортшылар қатысты.

жарыс-2Алғашқы күні 1,1 шақырымға спринттік жарыс және 7  шақырымға классикалық стилдегі жарыс сыны өтті. Нәтижесінде Сергей Усольцев (LW 10-12.) екі жарыс түрінен де үздік деп танылды. Сондай-ақ, Қайрат Қанафин (B1-3.) мен Александр Герлиц (LW 2-8) те өз категориялары бойынша жеңімпаз атанды. Ал, әйелдер арасындағы бәсекеде 2014 жылғы Сочи паралимпиадасына қатысушы Жаңыл Балтабаева мен Елена Лазуренколар алтын медаль иеленіп, өз биіктерін сақтап қалды.

Жарыс қорытындысы бойынша сегіз алтын медаль иеленген Солтүстік Қазақстан облысының шаңғышылары командалық бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында Павлодар облысы иеленсе, үшінші орын алматылықтарға бұйырды.

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Ерназар Бексұлтанов жарыс жеңімпаздарын марапаттап, спортшыларға Кубок пен дипломдарды табыс етті.

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ,
«tagdyr.kz»

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen − thirteen =