Сиязбек Далиев 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында 50 метр баттерфляй жарысында S5 класында 36.35 секунд нәтижесімен 7-орынға тұрақтады. Осылайша, Сиязбек Паралимпиада ойындарындағы өзінің қатысуын аяқтады.
Жарыстың нәтижелері бойынша, Қытайлық спортшылар барлық жүлделі орындарды иеленді: бірінші орынды Го Джинчэн 30.28 секунд нәтижесімен жеңіп алды, екінші орынды Юань Вэйи 30.71 секунд көрсеткішімен иеленді, ал үшінші орын Ван Личаоға 30.89 секунд нәтижесімен бұйырды.