ШАХМАТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІ СӘТТІ АЯҚТАДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ШАХМАТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІ СӘТТІ АЯҚТАДЫ


Өзбекстан астанасы Ташкентте есту қабілеті төмен спортшылар арасында халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс гроссмейстер Әлишер Анарқұловты еске алуға арналды.

Турнирде  қазақстандық шахматшылар 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды.

Жарыс «Блиц» және «Рапид» дисциплиналары бойынша өтті. Ерлер арасындағы блиц бәсекесінде қазақстандық Самажан Кеттебеков 1-ші орынды олжаса, рапид сайысында 2-ші орынды алды. Әйелдер арасындағы кездесуде Раушания Жилина блицтен 2-ші орынды иеленді. Рапидтен 2-ші орынды Наталья Горохова алса,  Альбина Примкулова блиц пен рапидтен де 3-ші орынға табан тіреді. Ал 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы бәсекеде, Сұлтан Қожахметов блицтен 1-ші орынды иеленсе, рапидтен 2-ші орынды еншіледі. Сондай-ақ, ардагерлер арасындағы ойындарда қазақстандық Берік Тұманов блицтен 2-ші, рапидтен 3-ші орынды жеңіп алды.

Қазақстан командасын аға жаттықытырушы Елдос Кузербаев басқарды.

Айта кетсек, аталған  халықаралық турнирге ТМД елдерінен жалпы саны 42 спортшы қатысты.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × one =