2016 жыл – Паралимпиада ойындарының жылы құтты болсын!

Қызығы мен қуанышы да, сәтсіздігі мен өкініші де мол болған Паралимпиада тарихының тағы бір жылы артта қалды. Енді биылғы 2016 жыл – Рио-де Жанейрода өтетін Паралимпиада ойындарында бақ сынайтын жыл. Спорт әлеміндегі айтулы оқиғалардың орындалар кезеңі. Төрт жыл жүйелі жоспарлармен даярланған мыңдаған спортшылардың асыға күткен дүбірлі бәсекесінің басталуына санаулы айлар ғана қалды.

Бразилия елі үшін Олимпиада ойындары мен паралимпиада ойындарын абыройлы атқару үлкен сын. Дәстүрлі Олимпиада алауын тұтатуға көп уақыт қалған жоқ. Рио-де Жанейро Олимпиадасының алауы жер шарының 300-ден астам мемлекеті мен қалаларын шарлап, 5 тамызда аты аңызға айналған Маракана стадионына келеді деп күтілуде.

Бұйыртса, Рио-де Жанейрода бақ сынайтын қазақстандық паралимпиадашыларымыз қатары аз болмайды деген үміт бар. Ресми емес мәліметтер бойынша, әзірге 18 паралимпиадашы биылғы дүбірлі додада олжа салмаққа әзірлік үстінде. Паралимпиада ойындарына дейін өтетін әлі бірнеше лицензиялы жарыстардың бар екенін ескерсек, олардың қараты әлі де толыға түсетіні анық. Қазақ елінің намысын қорғау мақсатында тер төгіп жүрген барша спортшыларымызға тек сәттілік тілейміз.

Паралимпиада ойындарының тұңғыш алтын медалін иелену, Паралимпиада чемпионы атану бақыты кімнің маңдайына жазылған екен?!

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ,
«tagdyr.kz»

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × one =