Дүбірлі дода Дубайда

Кеше Дубайда жетінші рет ұйымдастырылған «Fazaa» атты Халықаралық жарыс басталды. 45-тен астам мемлекеттің жеңіл атлетшілері қатысқан Біріккен Араб Әмірлігіндегі бұл бәсекеге Қазақстаннан 34 паралимпиадашы аттанды.

Аманат Калкаев

Қола жүлдегер Аманат Қалқаев

Бүгін жерлестеріміздің алғашқы олжалары туралы сүйінші хабар жетті. Әлемнің әр түкпірінен жиналған бес жүзге жуық спортшылары арасынан қазақстандық жеңіл атлеттер алғашқы күннен-ақ суырылып шыға бастады. Өткен жылғы ІІ Пара Азия ойындарында қос қола медальді иеленген Аманат Қалқаев бүгін де жүлдені қола медальдан бастады. Аманат бұл жолы ұзындыққа секіруден қашықтықты 5,34-ке жеткізіп, әзірге үшінші орынға табан тіреді. Ал, Нұрлыбаев Мағжан болса 100 метрге жүгіруден күміс жүлдені жұлып түсті (уақыты – 12,07). Диск лақтырудан Алексей Лукутин де бір қола медальді еншілеп үлгерді (нәтижесі – 16,88 м.). Сөйтіп, біздің жігіттер алдағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдаманы қанжығаларына байлады.

Дүбірлі дода Дубайда

Диск лақтырудан қола медаль иеленген Алексей Лукутин.

Еске салып өтейік, «Fazaa» атты бұл паралимпиадашылар бәсекесі әлемдегі деңгейі биік, әйгілі жарыстардың бірі. Жарыс соңынан үздік спортшыларға Халықаралық Паралимпиада Комитеті тарапынан «Гран-При» жүлдесінің табыс етілуі де аталмыш бәсекенің салмағын айқындай түссе керек.

«tagdyr.kz» ақпараты

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 − eight =