IWAS Бүкіләлемдік ойындарында жастар құрама командасының сәтті сайыс көрсетуі


Чехия астанасында ампутанттар және арбашылардың (IWAS) Халықаралық федерациясының жүзуден, жеңіл атлетикадан және үстел теннисінен жастар арасында Бүкіләлемдік ойындары аяқталды.

IMG-20160630-WA0030

Прагада өткен 23 IWAS Бүкіләлемдік жасөспірімдер ойындарына 25 елден 700-ден астам спортшы қатысты.

20160702_174352  20160702_160049  20160702_172136

Қазақстаннан жүзу жарысына спортшы Ли Дмитрий қатысты. Ол 6 қашықтықта жүзіп өтті. 50 метр арқамен жүзу қашықтығының финалында 33.15 көрсеткішімен алтын медалді жеңіп алды. 200 метр кешенді жүзу қашықтығының финалында 2.36.82 көрсеткішімен 2 орынға, 50 метр еркін жүзу қашықтығында 27.06 көрсеткішпен 3 орынға иеленді.

20160702_215335Сондай-ақ, Бүкіләлемдік ойындарында жеңіл атлетикадан үздік атағына Хабибуллин Руфат пен Бейбарс Болат күресті.

Хабибуллин Руфат 3 бағдарлама бойынша мәлімденді. Руфат найза лақтырудан 33.48 м көрсеткішімен күміс медалін және 200 метр жүгіруден 26.73 м нәтижесімен қола медалін жеңіп алды.

20160702_175153Қазақстан Республикасының үстел теннисі құрамасынан 7 спортшы сайысқа қатысты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жастар арасындағы үстел теннисінен екі дүркін чемпионы, Атырау облысының спортшысы Насихан Махамбет.

Жеке сынақта Насихан Махамбет 10 класста ойнаған. Ойындар нәтижесінде біздің спортшы Махамбет 3 жүлделі орынды иеленді.

IWAS Бүкіләлемдік ойындары екі жылда бір рет өткізіледі және мәртебесі бойынша Паралимпиададан кейін екінші болып саналады. IWAS ойындары Рио-де-Жанейро 2016 Паралимпиада ойындарына дайындыққа маңызды кезеңде өтті.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × four =