Қазақстанның волейбол командасы – Польшадағы Халықаралық турнирдің қола жүлдегері


IMG-20160606-WA00102016 жылғы 3-4 маусымда Елблонг (Польша) қаласында волейболдан дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында Халықаралық турнир өткізілді. Турнирге жалпы 7 команда қатысты. Біздің топта 3 мықты команда болды. Бірінші күні біздің команда 3:1 есебімен Латвия құрама командасын ұтып алды.IMG-20160606-WA0011

Алдын ала ойындардан кейін біздің команда топтық сайыста 2 орынға ие болып, жартылай финалдық ойындарға шықты, ал Елблонг командасы бірінші болды.  Жартылай финалда біз Украина кұрамасынан жеңіліс таптық.

Үшінші орынға Польша құрамасымен күресіп 3:0 есебімен командамыз жеңді.

Біздің командада дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы волейбол спортшысы Каскабаев Ерик (Қызылорда қаласы) ойнады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 11 =