Жүзушілер Башқұртстаннан 13 медаль әкелді

Қарағандылық бапкер Светлана Кучинаның шәкірттері Башқұртстандағы бәсекеден 5 алтын, 4 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды.

Оң жақта қарағандылық бапкер Светлана Кучина

Оң жақта қарағандылық бапкер Светлана Кучина

Башқұртстан ашық біріншілігіне негізінен жас жүзушілер аттанған еді. Бапкер Светлана Михаилқызы жарысқа апарар жүйрік таңдауда жаңылмапты. Салават қаласында өткен бәсеке біздің жастар үшін сәтті болды. Қарағандылық бес жүзушінің жүлдесіз оралған бірі жоқ. Ең азы екі медальдан иеленген. Барлық дәрежедегі мүгедектер арасында өткен бұл чемпионатқа жалпы саны 15 команда қатысып, 96 спортшы бақ сынаған.

Жүздері жарқын оралған жүзушілерден алған нақты мәліметтеріміз төмендегідей:

  1. Сәрсекей Мөлдір – 3 күміс медаль (50 м. брасс, 50 м.шалқалап жүзу, 100 м.брасс).
  2. Фрундин Виктор – 2 алтын және 1 қола медаль (50 м.брасс, 100 м.брасс және 50 м.еркін жүзуден 3-орын)
  3. Ганке Юлия – 2 алтын медаль (50 м.баттерфляй және 50 м.шалқалап жүзу)
  4. Буката Юлия – 2 қола медаль (100 м.шалқалап жүзу және 50 м.брасс)
  5. Бирюкова Алена – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль (50 м.шалқалап жүзуден 1-орын, 50 м.баттерфляй әдісімен жүзу 2-орын, 50 м.еркін жүзуден 3-орын).

Башқұрт топырағында Қазақстанның көк туын қайта-қайта желбіретіп, ұлт намысын асқақтатып қайтқан жастарға жүлделерің құтты болсын дейміз. Жарыс сайын жүздерің жарқын оралуларыңа тілектеспіз.

Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның әдіскері

1 пікір

  1. Karlygash

    27.02.2015 at 11:57

    Тек қана биік шыңдардан көрініңдер! Жетістіктерің құтты болсын!

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 15 =