Алғашқы медальды Айболат алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Алғашқы медальды Айболат алды


«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында қол күресінен шығысқазақстандық спортшы Айболат Құнапиев қола медальды жеңіп алды.

«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында қол күресінен шығысқазақстандық спортшы Айболат Құнапиев қола медальды жеңіп алды.

Бүкіләлемдік ойындарынан біздің паралимпиадашылар алғашқы олжаларын ала бастады. Қол күресінен Айболат Құнапиев Қазақстан қоржынына тұңғыш қола медальды салды.

Алғашқы күні өткен спорттың армрестлинг түрінен, яғни қол күресінен Айболат Құнапиевтың  жолы болды. 75 келі салмақта сынға түскен шығысқазақстандық Айболат сол қолмен сайыста ресейліктер В.Сурков пен В.Мельниковтан ғана ұтылып, қола медальды қанжығаға байлады. Негізінен бұл жарыс түрінен сегіз мемлекеттің елуге жуық спортшысы бақ сынаған. Тәжікстан, Ресей, Белоруссия, Армения, Грузия, Польша, Чехия паралимпиадашылары арасында қазақстандық алты спортшының иығы жоғары болғанын айтуымыз керек. Атап айтқанда, астаналық Марат Қасқырбаев пен Серікбай Аушамов, қарағандылық Игорь Малетин төртінші орынға табан тіресе, шығысқазақстандық Қуандық Бейсенбаев пен алматылық Дмитрий Солянин бесінші орынды иеленген. Бүкіләлемдік жарыста осындай нәтижеге жету, біле білсек осал жетістік емес.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven + 5 =