Жақында Батыс Қазақстан облыстық ІІД кадрлық жұмыс басқармасы облыстық ішкі істер органдары және ішкі әскерлер ардагерлері кеңесімен бірлесе отырып, қайырымдылық шарасын өткізген. Осы орайда, облыстағы мүгедектер спортын дамытуға белсене атсалысып жүрген Азон Шаймерденовке басқарма бастығы, полиция полковнигі Жанболат Мұсадиев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеттегі полковник Жайлыбай Адаев арнайы барып, құрмет көрсетіп, қол сағатын тарту етті.
Солдан оңға қарай: полиция полковнигі Жанболат Мұсадиев, паралимпиада спортшысы Азон Шаймерденов және ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеттегі полковник Жайлыбай Адаев.