Бадминтон мен таэквондо паралимпиада бағдарламасына енгізіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бадминтон мен таэквондо паралимпиада бағдарламасына енгізіледі

Бадминтон-2Паралимпиада ойындарының спорттық түрлері жыл озған сайын толыға түсуде. Осыдан елу жыл бұрын саусақпен санарлық қана болған мүмкіндігі шектеулі тұлғалар спорты бұл күнге дейін 29 түрге жеткен еді. Оның ішінде 24 спорттық ойын жазғы, ал, 5-і қысқы спорттық ойын. Сурдлимпиадашылар бәсекесі де паралимпиадашылармен деңгейлес келеді. Оларда 25 түрлі спорттық ойын түрі бар.

тхэквондоЖуырда Паралимпиада бағдарламасы тағы екі ойын түрімен толықтырылатыны жария болды. Арбада отырып ойнайтын бадминтон мен таэквондо жекпе-жегі паралимпиада спорттық ойын түрі ретінде қабылданды. Бұйыртса, жанкүйерлер бұл ойын түрлерінің бәсекесін Токио паралимпиадасында тамашалайтын болады.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen − seven =