Би сайысынан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Би сайысынан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасындағы «KAZAKHSTAN OPEN 2015» атты ІІ халықаралық турнир аяқталды.

 

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Алтын жүлде иегерлері Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Астана төріндегі би сайысында біздің жастар өзгелерден өнерлерін оздырды. «KAZAKHSTAN OPEN 2015» халықаралық турнирінен 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль олжалады. «Combi ST» 1 класс бойынша өткен бәсекеде Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленоваға шендесер шебер болмады. Алтын жүлде талассыз берілді. Нарғыз Ахметова мен Аванесов Серждің «Combi ST» 2 класс бойынша көрсеткен өнерлері де алтын медальға бағаланды. Күміс жүлдегерлер Нарғыз Ахметова мен Асқар Әшірімбетов.

Нарғыз Ахметова мен Асқар Әшірімбетов

Күміс жүлдегерлер Нарғыз Ахметова мен Асқар Әшірімбетов.

Сондай-ақ, Нарғыз жалғыз билеуде бір қола медаль ұтса, артынша «Duo ST» класы түрінен, яғни, екеуі де арбамен билеуде Әшірімбетов Асқар екеуі күміс жүлдені жұлып түсті. Осы би түрінен Ардақ пен Қарлығаш Тынабекова қола медальді иеленді. Сонымен қатар, Зарина Мырзағалиева мен Марат Қарақұлов – күміс медальға, Сәуле Айдарханова мен Юрий Билкасумов – қола медальға, Гүлвира Қыдырбердиева мен Шүкіржан Хакимбаев – қола медальға қол жеткізді.

«tagdyr.kz» ақпараты

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 − 17 =