Лондон паралимпиадасының тарихында осындай да оқиға болған. Паралимпиада додасы басталған жарты ғасыр ішінде спортшылардың допингпен ұсталуы сол жолы алғаш рет орын алды.
ВВС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ресейлік спортшылар Вадим Ракитин, Николай Марфин және грузиялық Шота Омаришвилидің ағзасынан рұқсат етілмеген препарат табылған. Бір ғажабы, Ресей спортшылары ағзадағы гормондарды көбейтетін «Неотропин» препаратын қолданғандарын бірден мойына алады. Ал, грузин спортшысы Шота Омарашвили допингке байланысты ешбір мәлімдеме жасамаған.
«Естімеген елде көп» деген осы. Паралимпиадашылардың допингті қасақана қолдануын кім қалай түсінер екен…
«tagdyr.kz»