Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды


Әлем кубогының соңғы кезеңінде қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара биатлоннан 12,5 км қашықтықты 42 минут 17 секундта өтіп, күміс жүлдеге ие болды. Жарыста украиндық спортшы Тарас Рад қашықтықты 41 минут 21 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды. Үшінші орынды да украиндық спортшы Василь Кравчук алды, оның көрсеткен нәтижесі 42.18.

«Әлем кубогының финалдық кезеңінде Ербол Хамитов 12,5 км-ді 42 минут, 17 секундта бағындырып, жарыс жолындағы 4 шеңбердің барлығында мүлтсіз насынаға оқ тигізді. Ербол бірінші орынға ие болған украиндық спортшыдан шамамен 1 минутқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Айдын Анапин.

Айта кетсек, пара шаңғы мен пара биатлоннан Әлем кубогының финальдық кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Cити қаласындағы Солджер Холлоу шаңғы базасынды 1-9 наурыз аралығында өтуде. Қазақстан тарапынан жарысқа Ербол Хамитов пен Александр Герлиц қатысады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three + ten =