Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиадасы мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы III Республикалық Спартакиадасы мәресіне жетті


Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы мәресіне жетті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.

Спартакиаданың басты мақсаты есту қабілеті зақымданған тұлғаларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Спартакиада қортындысы бойынша жалпы командалық есепте:

1 орын –  Алматы қаласы (27 алтын, 13 күміс, 19 қола);

2 орын – Жамбыл облысы (21 алтын, 6 күміс, 11 қола);

3 орын – Нұр-Cұлтан қаласы (17 алтын, 16 күміс, 10 қола).

Еске сала кетсек, жарыста спорттың 11 түрінен 150 медаль ойнатылды: армрестлинг,         жеңіл атлетика,   бадминтон,         дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, футзал,  еркін күрес,         таеквондо, дойбы,       үстел теннисі.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 + five =