Оны ашқан Нұрым Нұрлан осыдан төрт жыл бұрын инсультке шалдығып, қозғалу қабілетінен айырылған еді. Алайда, ол тағдырдың бұл ауыртпалығына мойымады. ІІ топтағы мүгедек болса да қол қусырып қарап отырмай кәсіпкерлікке бет бұрды. Алдымен жоба жасап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 1 миллион 250 мың теңге несие алды. Бұл қаражатқа құрылғылар сатып алып, өзі тұратын үйдің ауласынан орталық ашты. Мүмкіндігі шектеулі жандар осы жерге келіп, денешынықтырумен айналысады. Қазір орталықта алты жаттығу қондырғысы бар. Сонымен қатар жаттығу залына жүгіру жолағы, велосипед, шаңғы, балтырды шынықтыру құрылғысы, баспалдақ, белге арналған құрылғы және желке мен саусақтарға арналған массажерлар орнатылған.
Кәсіпкердің жолдасы А.Нұрланованың айтуынша, «Даму» қорынан алған несиеге орталықтың ғимаратын тұрғызып, Ақтөбе қаласындағы «Спорт мастер» сауда дүкенінен жаттығу құралдарын алған. Құрылғылардың бірі инсультқа шалдыққан науқастардың қан тамырын реттесе, екіншісі жүрек жұмысын жақсартады. Науқас жандар мұнда аудандық аурухана және емхана дәрігерлерінің жолдамасы арқылы қабылданады екен. Аудандағы сауықтыру орталығына мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге, саламатты өмір салтын ұстанушылардың да келуіне болады.
«tagdyr.kz» ақпараты