Паралимпиада мәжілісі Мексикада – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Паралимпиада мәжілісі Мексикада


Мексикада Халықаралық Паралимпиада Комитеті Бас Ассамблеясының мәжілісі өтуде. ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, ҰПК-нің вице-президенті Асхат Усеров және ҰПК-нің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов осы мәжіліске қатысты.

ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің президенті Қайрат Боранбаев (оң жақта) және Халықаралық Паралимпиада Комитетінің президенті Филип Крэйвен.

ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің президенті Қайрат Боранбаев (оң жақта) және Халықаралық Паралимпиада Комитетінің президенті Филип Крэйвен.

17-мәрте ұйымдастырылып отырған аталмыш мәжіліске Әлемнің 84 ұйымдарының 300-ден астам өкілдері арнайы шақырылған. «Қуантарлығы сол, дүниежүзі бойынша паралимпиаданы дамытуға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді», деп кездесу үстінде ХПК-нің президенті Филип Крэйвен осы саланың уақытпен бірге ілгерілеп жатқанын атап өтті.
Бас Ассамблея мәжілісі аясында Халықаралық Паралимпиада Комитеті бес мемлекеттің ұлттық паралимпиада комитеттерін және төрт халықаралық федерацияның мүшелікке қабылдануын мақұлдады. Сондай-ақ, мәжіліс барысында 2014 жылы Сочиде өткен қысқы паралимпиада ойындарында үздік шыққан спортшылар мен паралимпиада ойындарын насихаттаушы ақпараттық ұжымдар Халықаралық Паралимпиада Комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.

Паралимпиада тарихында тұңғыш рет бір жарыста алты алтын медальға қол жеткізген Ресей шаңғышысы Роман Петушков.

Паралимпиада тарихында тұңғыш рет бір жарыста алты алтын медальға қол жеткізген Ресей шаңғышысы Роман Петушков.

Спортшылар туралы атап айтар болсақ, «Үздік спортшы» атағы бұл жолы тау шаңғысы жарысының бес түрінен де бас жүлде ұтқан неміс қызы Анна Шаффельхуберға бұйырды. Сонымен қатар, осы атаққа паралимпиада тарихында тұңғыш рет бір жарыста алты алтын медальға қол жеткізген Ресей  шаңғышысы Роман Петушков ие болды. Ал, тағы бір ресейлік шаңғышы 16 жасар Алексей Бугаев Халықаралық Паралимпиада Комитеті президенті Филип Крэйвеннің қолынан «Үздік дебют» атағын алды.

Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven + 11 =