Қазақстандық пара атлеттер Үндістанда жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара атлеттер Үндістанда жүлдегер атанды


Пара жеңіл атлетикадан Үндістанның ашық чемпионатында қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Ядроны итеруден Алексей Лукутин снарядты 7,95 метрге  жеткізіп, күміс жүлдені еншіледі. Бірінші орын мен үшінші орын үндістандық спортшыларға бұйырды.

Диск лақтырудан  жерлесіміз Иван Залезняк 32,11 метр нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Ал бірінші және екінші орынды үндістандық спортшылар еншіледі.

Айта кетсек, чемпионат Бенгалор қаласында 4-8 мамыр аралығында өтті. Жарысқа 11 мемлекеттен 486 спортшы қатысты.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × 1 =