Шаржыда ширақ болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шаржыда ширақ болды

жеңіл атлетшілеріміз 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальді жеңіп алды

шаржыБіздің паралимпиадашылар бір сапарда қос жарысты көздеп шыққан. Дубайда өткен «Fazaa» халықаралық бәсекесінен соң сол екпінмен Шаржыға бет алды.  Спортшыларымыз Шаржыға ширығып барған екен. Біріккен Араб Әмірлігіндегі әйгілі қалада бесінші рет ұйымдастырылған бұл додаға 33 мемлекеттің жеңіл атлетшілері қатысқан. Жарыс ақпан айының 27-28 жұлдызы аралығында өтті. Дубайда жіберген есені қайтармаққа құлшынған болар, қазақстандықтар екі күнде табаны күректей 17 медальді уыстап шықты.

Үш алтын медаль иегері Мағжан Нұрлыбаев

Әсіресе, ұзындыққа секіру мен қысқа қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның көк туын қайта-қайта аспандатқан Мағжан Нұрлыбаев намысты жігіт екен. Қазақстан қоржынына 3 алтынды да Мағжанның бір өзі салды. «Fazaa» бәсекесінде де жақсы нәтижелер көрсеткен Мағжан Шаржыда тіпті ширақ болды. Көру қабілеті төмендер арасындағы үш түрлі сында бас жүлдені жұлып шықты.  Сондай-ақ, Аманат Қалқаев, Айнұр Тайжанова, Алексей Лукутин, Бислан Гебертаев, Ислам Салимов сынды спортшылар намысты қолдан бермеуге барын салған екен. Шаржы бәсекесінде біздің елдің 7 спортшысы әлем чемпионатының нормативін орындапты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімі төмендегідей. Олжа құтты болсын!

  • Нұрлыбаев Мағжан – алтын медаль (100 метрге жүгіруден – 0:11,74 сек.)
  • Нұрлыбаев Мағжан – алтын медаль (200 метрге жүгіруден. – 0:24,34 сек.)
  • Нұрлыбаев Мағжан –  алтын медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м.16 см.)
  • Аманат Қалқаев – күміс медаль (100 метрге жүгіруден – 0:12,69 сек.)
  • Аманат Қалқаев – қола медаль (200 метрге жүгіруден – 0:27,01 сек.)
  • Аманат Қалқаев – қола медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м. 45 см.)
  • Тайжанова Айнұр – күміс медаль  (ядро лақтырудан – 7 м.06 см.)
  • Тайжанова Айнұр – қола медаль (диск лақтырудан – 19 м.53 см.)
  • Лукутин Алексей – күміс медаль (диск лақтырудан – 17 м. 42 см.)
  • Салимов Ислам – қола медаль (200 метрге жүгіруден – 0:24,79 сек.)
  • Салимов Ислам – қола медаль (400 метрге жүгіруден – 0:55,47 сек.)
  • Салимов Ислам – қола медаль (ұзындыққа секіруден – 6 м. 11 см.)
  • Харламов Сергей – қола медаль (100 метрге жүгіруден. – 0:13,63 сек.)
  • Болат Бейбарыс – қола медаль (100 метрге жүгіруден – 0:13,21 сек.)
  • Гебертаев Бислан – күміс медаль (100 метрге жүгіруден – 0:11,94 сек.)
  • Гебертаев Бислан – күміс медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м. 65 м.)
  • Сидорчук Павел – қола медаль (диск лақтырудан – 36 м.07 см.)

Бибігүл Ізбасарова,
ДМШТАСДО-ның әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 2 =