Сурдлимпиада – 2022. Қазақстандық жеңіл атлеттер жеңіс тұғырынан көрінді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сурдлимпиада – 2022. Қазақстандық жеңіл атлеттер жеңіс тұғырынан көрінді


Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер 3 қола медальге ие болды.

Жазғы ойындардың тоғызыншы жарыс күнінде балға лақтырудан сынға түскен қазақстандық Ольга Хижнякова 29,89 м  нәтижиесімен қола жүлдені жеңіп алды. Сурдлимпиада  ойындарында бұл Ольганың екінші медалі. Бұдан бұрын ол ядроны лақтырудан күміс жүлдегер болған.

Сол күні, сырықпен секіруден  өнер көрсеткен қазақстандық Рауан Бейсебай 3,30 м нәтижесімен қола жүлдеге ие болды. Ал, 110 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру жарысында отандасмыз Фархат Қыстаубаев 15,8 секунт нәтииесімен  үздік  үштіктен көрінді.

Сондай-ақ, әйелдер арасында ұзындыққа секіруден сынға түскен Фаина Меирманова, үздік бестіктен көрінді.

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen + sixteen =