Тұңғыш жолдама Әнуар Сариевта! – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тұңғыш жолдама Әнуар Сариевта!

Қазақ паралимпиадасындағы спортшылардың көңілін күпті қылған биылғы жазғы Паралимпиада ойындарына берілетін лицензия белгілі себептермен  осы уақытқа дейін ресми түрде жарыққа шыққан жоқ. Жуырда Ұлттық Паралимпиада комитеті алғашқы мәлімдемені жариялады. Қазақстан паралимпиадашылары арасында Рио-де Жанейроға баратын алғашқы жолдама дзюдошы Әнуар Сариевқа бұйырыпты.

сариевАтыраулық дарынды жас балуан Әнуар Сариевтің татамиде таныла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Қазақстандағы белдесулерде қарсыластарын бет қаратпай ұтатын Әнуардың халықаралық жарыстарда аса жолы бола қоймайтын. 2014 жылы Кореяда өткен ПараАзия ойындарында ол бесінші орыннан аса алмаған еді. Бірақ, жігерлі жігіт өткен жылғы додаларда аянып қалмады. Нәтижесінде, маусым айында Оңтүстік Кореяның  астанасында өткен «IBSA» атты зағиптардың әлемдік ойындарында бес бірдей қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, қола медальды ұтып алған болатын. Бұл Әнуар балуанның халықаралық жарыстағы алғашқы ірі табысы еді. Осы жеңіспен бірге оған Рио-де Жанейро  паралипиадасына бару мүмкіндігі туындаған. Жақында сол жолдаманың қазақстандыққа тиесілі екендігі анықталды. Тұңғыш жолдама құтты болсын, жанкүйер қауым!

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 1 =