Сурдо жүзушілері Белоруссияға аттанды. Желтоқсанның 4-6 жұлдызы аралығында осы мемлекеттің Ашық Кубогы Гомель қаласында өтеді.
Белоруссияның Ашық Кубогына қазақстандық сурдошылар алғаш рет қатысқалы отыр. Біздің елден есту қабілеті төмен төрт спортшы осы бәсекеде бақ сынап көрмекші. Олар Ернар Мырзағалиев (Астана қ.). Нұрлан Жасанов (Астана қ.), Марат Ермекпаев (Астана қ.) және Виктор Фрундин (Қарағанды қ.). Бапкерлері Жасанов Нұрлан мен Рожков Максим. Бұл спортшылар жақында Тайбэй қаласында өткен Азия-Тынық мұхит ойындарындағы эстафеталық жарыста 3-орынды иеленген.
Спортшыларымыз Гомельге үлкен сеніммен аттанды. Бұйыртса, аталмыш жарыстан да олжалы ораламыз деген уәделері бар. Жүзуші жігіттерімізге сәттілік тілейік!
«tagdyr.kz» ақпараты