
Қырғызстанда пара қол күрестен XXIII Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен 396 спортшы қатысты.
Қазақстандық пара атлеттер 115 алтын, 97 күміс және 39 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынды Қырғызстан елі алса, үшінші орынды Тәжікстан командасы алды.
«Жарыс ересек ерлер мен әйелдер арасында, 14-15 жастағы жасөспірімдер, 16-18 жас, 19-23 жастағы спортшылар және спорт ардагерлері арасындағы категорияларда өтті. Чемпионатта ел спортшылары тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеттері зақымданған атлеттер арасында өнер көрсетті»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара қол күрестен аға жаттықтырушысы Виталий Трубин.
Айта кетсек, пара қол күрестен XXIII Азия чемпионаты Ыстықкөл өңірінде (Қырғызстан) 4-10 маусым аралығанда өтті. Жарыста жалпы саны 873 медаль жиынтығы және 15 кубок ойнатылды.
