Максим Рожковок - жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Ол жеңіл атлетикадан үш қарғып секіруден чемпион атанды .
жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері, 2005 ж. Мельбурн қ.(Австралия)
Максим Рожков - үш қарғып секіруден сурдо жеңіл атлетикадан қола медаль жеңіп алды.
жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері, 2009 ж. Тайпей қ. (Тайвань)
Хайратаан Шонку 96 кг салмақ дәрежесіндегі грек-рим күресінен алғашқы қола жүлдегер атанды.
жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері, 2013 ж. София қ. (Болгария)
Ғабит Есжанов - 57 кг салмақ дәрежесінде еркін күрестен чемпион атанды.
жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері, 2022 ж.Кашиас-ду-Сул (Бразилия)
Еркебұлан Қанафин 81 кг салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан чемпион атанды.
Нұрмұхаммед Алдибек (60 кг),Анна Краморова (78 кг) сурдо дзюдодан күміс жүлдегер атанды.
Дина Иржанова (-52кг), Фериде қара оглы (- 48кг), Сабыржан Хапизов (+100кг) және Шаяхмет Қанапиянов (- 73кг) қола жүлдегерлер атанды.
Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Ерлер командасының қатарында Шаяхмет Қанапиянов, Сабыржан Хапизов, Ермек Жәнібекұлы, Нұрмұхаммед Алдыбек, Асхат Адамбаев және Айдос Түгелбаев өнер көрсетті.
Әйелдер командасының құрамында Ләззат Бақтиярова, Дина Иржанова, Фериде Кара оглы, Әсел Максутова, Анна Краморова және Эвелина Егембердиева өнер көрсетті.
Фархат Қыстаубаев - жеңіл атлетикадан 110 м кедергілермен жүгіру дисциплинасында жеңімпаз атанды.
Рауан Бейсебай сырыппен секіруден, ал Ольга Хижняк балға лақтырудан қола жүлдегер атанды.
Аян Абдраш (58 кг), Виктор Фрундин (- 80 кг) мен Нұрдәулет Жақып (68 кг) пара таеквондодан керуги бағдарламасында қола жүлдегерлер атанды.
Айжамол Абдикатова мен Олжас Рысжанов пара таеквондодан пумсэ бағдарламасында қола жүлдегер атанды.
Хайратаан Шонку 130 кг салмақ дәрежесінде грек-рим және еркін күрестен чемпион атанды.
Асылжан Тәжиев 97 кг салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды.
Нұржан Асан мен Алдияр Балташев грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алды.
Сабыржан Рсалы (86 кг), Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) мен Ғабит Есжанов (57 кг) грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды.
Шадияр Пернеш 92 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен қола медаль жеңіп алды.
Үстел теннисінен ерлер командасы топтық ойын түрінен қола жүлдегерлер атанды. Команда қатарында: Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Абылай Бүркітбай және Владимир Нестеров өнер көрсетті.