2025 жылы паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық және ұлттық құрама командалардың спортшылары халықаралық жарыстарға қатысуға бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізді. Дайындық жұмыстары 2025 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына және қаржылық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылды.
