Шымкент қаласында сурдо еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шымкент қаласында сурдо еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті


Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогі аяқталды. Турнирге еліміздің 11 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысты.

«Жарыста палуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Ел кубогының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте еркін күрестен бірінші орынды Жамбыл облысы, екінші орынды Жетісу облысы, үшінші орынды Шымкент қаласы иеленді. Ал грек-рим күресінен бірінші орынды Алматы қаласы, екінші орынды Жетісу облысы, үшінші орынды Шымкент қаласының командасы алды. Осы бәсекеде үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан командасының қатарына іріктелетін болады»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Еділ Айтбаев.

Айта кетейік, сурдо еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының кубогі 15-16 сәуір аралығында өтті.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 + eleven =