Пара каноэден Азия чемпионатында ұлттық команда 12 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара каноэден Азия чемпионатында ұлттық команда 12 медаль жеңіп алды


Елімізде алғаш рет Түркістан қаласында пара каноэден Азия чемпионаты өтті. Жарыста қазақстандық пара  спортшылар 12 медаль жеңіп алды:  1 алтын, 7 күміс және 4 қола.

Пара каноэден Қазақстан командасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1 орын – Жаңыл Балтабаева (VL3  класс / 500 метр);

2 орын – Жаңыл Балтабаева (VL3 класс /  200 метр);

2 орын – Маржан Билялова (VL2 класс / 200 метр);
2 орын – Бейбарыс Спатай (KL2 класс /  200 метр);
2 орын – Максим Богатырёв (VL1 класс / 200 метр);
2 орын – Максим Богатырёв (KL1 класс /200 метр);

2 орын – Мейіржан Армия (VL2 класс / 200 метр);

2 орын – Мейіржан Армия (VL2 класс /500 метр);

3 орын – Бейбарыс Спатай (VL3 класс /200 метр);

3 орын – Жалғас Тайкенов (KL3 класс /200 метр);

3 орын – Маржан Билялова (VL2 класс /500 метр);

3 орын – Бейбарыс Спатай (VL3 класс /500 метр).

«Азия біріншілігінде Қазақстан командасының сапында 11 пара спортшы бақ сынады. Олар байдарка (KL) және каноэ (VL) бағдарламалары бойынша өнер көрсетті.  Чемпионат қорытындысы бойынша спортшыларымыз лайықты нәтижелерге қол жеткізді. Алдағы уақытта ұлттық команданы маңызды халықаралық жарыстар күтіп тұр. Атап айтқанда, 20–31 тамыз аралығында Польшада өтетін рейтингтік Әлем чемпионаты және қазан айында Жапонияда ұйымдастырылатын Азия Пара ойындары бар. Қазіргі таңда спортшылар осы жауапты бәсекелерге тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде», – деді пара каноэден Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Асхат Қалиақпаров.

Айта кетсек, пара каноэден Азия чемпионаты 4-7 маусым аралығында  Түркістан қаласындағы  Олимпиадалық стандарттағы ескек есу каналында өтті.  Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Корея  Республикасы, Иран, Ирак және Таиланд елініен 100-ге  жуық спортшы қатысты.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × four =