Италияның Рим қаласында тірек-қимыл аппаратаы зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Гран-при жарысында К44 санатында өнер көрсеткен қазақстандық Кәмиля Досмалова (57 кг), Нұрлан Домбаев (-80 кг) және Алишер Гарипполаев (+80 кг) қола жүлдегер атанды.
«Бұл жарыстың қорытындысы спортшылардың әлемдік рейтингтегі ұпайларына тікелей ықпал етеді. Халықаралық деңгейдегі осындай бәсекелерге тұрақты қатысу олардың тәжірибесін арттырып, спорттық шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара таеквондо командасының басшысы Ерлан Суеуов.
Айта кетейік, аталмыш жарыс 3-4 маусым аралығында өтті. Аталмыш бәсекеге 27 елден 90-ға жуық спортшы қатысты.