Түркістан қаласында алғаш рет өтіп жатқан юниорлар мен U23 жас санатындағы және пара каноэден Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде қазақстандық пара спортшылар 4 медаль жеңіп алды.
200 м қашықтықта өнер көрсеткен Маржан Билялова (VL2), Жаныл Балтабаева (VL3), Бейбарыс Спатай (KL2) және Максим Богатырёв (VL1) күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 4-7 маусым аралығында өтеді. Жарысқа 17 елден 350-ден астам спортшы қатысуда. Аталмыш бәсекеде пара каноэден ел намысын 10 спортшы қорғауда.



