Пара спортшылармен «Жеңіске жету жолы: тәртіп пен шыдамдылық» тақырыбында кездесу өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара спортшылармен «Жеңіске жету жолы: тәртіп пен шыдамдылық» тақырыбында кездесу өтті


Бүгін, 3 маусым күні Астана қаласындағы Паралимпиадалық даярлау орталығында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатының жеңімпаздары, Әлем кубогының қола жүлдегерлері – Қазақстан ұлттық команда спортшыларымен «Жеңіске жету жолы: тәртіп пен шыдамдылық» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық этика мен адал бәсекелестік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар қатысушыларға есірткі және допингтік заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың спорттық мансап пен өмір сапасына кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Орталықтың Заң бөлімінің басшысы Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау және спорттық этиканың маңыздылығы туралы баяндады. Ол бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану, келісілген ойындар мен допингке жол бермеу мәселелеріне тоқталып, мұндай заңсыз әрекеттердің спорттың беделіне нұқсан келтіріп, спортшылардың адал еңбегін жоққа шығарып, қоғамның сеніміне кері әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ спорттағы ашықтық пен әділдікті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және әрбір спортшының жеке жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 2 =