Орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі


 «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жоспарлы іс-шараның басталатыны туралы хабарлайды.

Талдау аясында Орталықтың келесі құрылымдық бөлімшелерінің қызметі қамтылады:

  • Паралимпиадалық спорт түрлері бөлімі;
    • Сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімі;
    • Спорттық іс-шараларды өткізу бөлімі;
    • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі;
    • Қоғаммен байланыс бөлімі.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдаудың мақсаты – бөлімдер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қауіпті функциялар мен ықтимал тәуекел аймақтарын анықтау, ықтимал бұзушылықтарға әкеп соғатын факторларды барынша азайту, жаттығу процесін ұйымдастыруға, жарыстар өткізуге, ресурстарды бөлуге және қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға байланысты процестердің ашықтығы мен көпшілік алдында жариялылығын қамтамасыз ету.

Талдау Орталықтың ішкі күшімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Іс-шараның қорытындысы бойынша ішкі регламенттер мен рәсімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.

Орталық заңдылық, адалдық және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне байламыстылық қағидаттарына адалдығын растайды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − six =