Пара пауэрлифтингтен Бангкок-2026 Азия-Мұхит аймағының чемпионаты аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара пауэрлифтингтен Бангкок-2026 Азия-Мұхит аймағының чемпионаты аяқталды


Қазақстандық спортшылар Таиландта пара пауэрлифтингтен өткен Бангкок-2026 Азия-Мұхит аймағының чемпионатында 22 алтын, 24 күміс және 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Өзбекстан(125 медаль), ал екінші орынды Қытай командасы (81 медаль) алды .

«Жарыста Қазақстан тарапынан  28 спортшы 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Спортшылар үздік нәтиже және үш салмақтың жиынтығы бойынша мықтыны анықтады. Сонымен қатар, жарыс Азия және Мұхит аймағының чемпионаты мәртебесіне ие болғандықтан, екі аймақ бойынша бөлек медальдар табысталды. Осыған орай, әр спортшы өз салмағында екі және одан да көп медальді  еншіледі. Аталған дода қазан айында Жапонияда өтетін Азия Пара ойындарына рейтингтік жарыс болып  табылады. Оған қоса, чемпионат Паралимпиада ойындарына қатысу құқығына таласу үшін міндетті жарыстардың бірі»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара пауэрлифтингтен команда басшысы Ұлан Ануар.

Айта кетейік, аталған дода 7-12 сәуір аралығында өтті. Жарысқа 23 елден 249 спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 + fifteen =