Жаныл Балтабаева – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жаныл Балтабаева

Жаныл Талғатқызы Балтабаева – 1990 жылы 16 мамырда туған. Қазіргі уақытта Түркістан облысында тұрады. Ол қазақ спорт және туризм академиясында «Туризм және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Жаныл Балтабаева пара  каноэдан   халықаралық дәрежедегі спорт шебері . Vl3-200 м классы бойынша өнер көрсетеді. Спорттық мансабын  7 жыл бұрын бастаған.  Содан бері ол өз мақсаттарына сенімді түрде жетіп, әлем кубоктары  мен әлем чемпионаттарында айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді.

2018 жылы Самарқандта өткен Азия чемпионатында 3 – орын, 2022 жылы Тайландта өткен Азия чемпионатында 3-орын, 2023 жылы Самарқандта өткен Азия чемпионатында 1, 2 және 3-орын алып,  және Азия пара ойындарында 3-орынды иеленді.