Еркін Ғаббасов – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Еркін Ғаббасов

Еркін Ғаббасов Тілеуғабылұлы – 1983 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген. Қазіргі уақытта Көкшетеу қаласында тұрады. Абай Мырзахметов атындағы университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Ол пара оқ атудан  Қазақстан Республикасының  спорт шебері. Спорттық өтілі 10 жыл. Жеке жаттықтырушы – Сәрсембеков Муслим Мырзагелдіұлы. Халықаралық аренада 10 метр қашықтықта, SH1 классы бойынша, пневматикалық тапаншамен   өнер көрсетеді.

Спорттық мансабында ол Қазақстан Республикасының  төрт дүркін чемпионы атанды, сонымен қатар Кореядағы әлем Кубогында 1-орынды және Үндістандағы Әлем Кубогында 2-орынды жеңіп алды.