Габидуллина Зульфия – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Габидуллина Зульфия


Габидуллина Зульфия Раухатқызы – 1965 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Қазіргі уақытта  Тараз қаласында тұрады.

Габидуллина Зульфия – пара жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Оның жеке жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы. Ол ел тарихында Рио – де – Жанейро – 2016 Паралимпиада ойындарында  ел қоржынына алтын сыйлаған алғашқы спортшы. S4, SB3, SM4 класында өнер көрсетеді.

Рио-де-Жанейро  Паралимпиада ойындарында 100 м еркін стильде  жүзуден бірінші орын алды.  Кез-келген кедергілерге қарамастан жоғары жетістіктерге ұмтылып, көпшілікке  үлгі болды.

Оның спорттық мансабында келесі жетістіктер де бар:

– 2017 жылы Мехикода өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден  1-орын,

– 2017 жылы Мехикода өткен әлем чемпионатында 100 м қашықтықта еркін стильде жүзуден  2 – орын,

– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында 50 м  қашықтықта еркін стильде жүзуден  2 – орын,

– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында 100 м қашықтықта еркін стильде  жүзуден  3 – орын,

– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында  50 м  қашықтықта шалқалап жүзден 3-орын,

– 2015 жылы Глазгода өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта еркін стильде  жүзуден  3 – орын,

– 2015 жылы Глазгода өткен әлем чемпионатында 100 м  қашықтықта шалқалап жүзуден 3-орын.

2018 жылғы Азия пара  ойындарында  келесідей нәтижеге қол жеткізді:

– 100 м қашықтықтыа еркін стильде жүзуден  1 – орын,

– 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден  2 – орын,

–  50 м  қашықтықта еркін стильде жүзуден    2 – орын,

– 200 м қашықтықта еркін стильде жүзуден   3 – орын.

XVII Жазғы Паралимпиада ойындары Зульфия үшін төртінші  Паралимпиада ойындары болмақ.