Еламан Жоламан – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Еламан Жоламан


Еламан Жоламан Маратбекұлы – 1995 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында тұрады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еламан – пара жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, F35 классында ядро итеру бойынша өнер көрсетеді. Оның жеке бапкері – Юрий Викторович Мощеев. Еламанның спорттық мансабы 10 жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде ол пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясының жүлдегері атанды.

Атап өтсек:

– 2022 жылы Тунистегі Гран-при сериясының жүлдегері

– 2024 жылы Мароккодегі Гран-при сериясының жүлдегері

– 2018 жылы Италиядағы Гран-при сериясының жүлдегері

– 2023 жылы Дубайдағы Гран-при сериясының жүлдегері

– 2022 жылы IWAS Әлемдік ойындарының жүлдегері