Гүлбахыт Қайыржанова – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Гүлбахыт Қайыржанова


Гүлбахыт Қайыржанова Қайыржанқызы – 2000 жылдың 12 ақпанында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Атырау облысында тұрады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Гүлбахыт – F13 классында  найза лақтырудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның жеке бапкері – Нұрберен Аманғалиевич Әміржанов. Ол өзінің спорттық мансабын 7 жыл бұрын бастаған. Пара жеңіл атлетикадан найза лақтыру бойынша әлемдік Гран-при сериясының жүлдегері атанды.

Оның жетістіктерінің арасында :

– 2022 жылы Тунистегі Гран-при сериясының жүлдегері

– 2024 жылы Мароккодегі Гран-при сериясының жүлдегері

– 2023 жылы Дубайдағы Гран-при сериясының жүлдегері

– 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында 4-орын

– 2024 жылы Кобеде өткен  (Жапония) Лицензиялық әлем чемпионатында 4-орын