Тұрсынай Қабыл – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тұрсынай Қабыл


Тұрсынай Қабыл Тұрарқызы – 2000 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген, Қостанай қаласында тұрады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Тұрсынай – пара пауэрлифтингтен  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 45 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жеке бапкері – Дмитрий Евгеньевич Царенко.

Спорттық мансабы 9 жыл бұрын басталды. Осы кезеңдегі негізгі жетістіктер мыналарды қамтиды:

– 2016 жылы Якутск (Ресей) қаласында өткен VI Халықаралық «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды.

– 2017 жылы Дубай (БАӘ) қаласында өткен Азия жасөспірімдер паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

– 2018 жылы Дубай (БАӘ) қаласында өткен FaZZa 9 Әлем кубогында жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер, әйелдер арасында қола жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Жапонияның Китакюсю қаласында пара пауэрлифтингтен   Азия-Океания чемпионатында жасөспірімдер  арасында чемпион атанды.

– 2019 жылы Нұр-Сұлтанда (Қазақстан)  пара пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында әлем чемпионы атанды.

– 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды.

– 2024 жылы Паттайядағы (Тайланд) Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

– 2024 жылы Тбилисиде өткен Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.