Шакиев Станислав – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шакиев Станислав

Шакиев Станислав Аркадьевич – 1988 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген, Қызылорда қаласында тұрады. №6 кәсіптік-техникалық мектепті «ЭЕМ бағдарламашысы» мамандығы бойынша бітірген.

Станислав – пара пауэрлифтингтен  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 59 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жеке бапкері – Бақытбек Болатбаевич Рысбаев.

Спорттық мансабы 6 жыл бұрын басталды.

Негізгі жетістіктері:

– 2021 жылы Тайландта өткен Әлем кубогының чемпионы атанды.

– 2022 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия және Океания ашық чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

– 2024 жылы Паттайядағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.