Медеуов Шынғыс – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Медеуов Шынғыс

Медеуов Шынғыс Кенжеәліұлы  – 1992 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. Қызылорда облысында тұрады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Шынгыс волейболды отырып ойнаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан  ұлттық құраманың мүшесі. Спорттық мансабы 15 жыл бұрын басталған. VS1 санатында өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Каскабаев Ерік Дәулетбекұлы.

Негізгі жетістіктері:

– 2017 жылы Ханчжоуда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.