Абдібек Ерасыл – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Абдібек Ерасыл

Абдібек Ерасыл Қонысбекұлы – 2005 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Қызылорда облысында тұрады. Қызылорда жоғары көп салалы колледжінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша арнайы орта білімі бар.

Ерасыл  волейболды отырып ойнаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан   ұлттық құраманың мүшесі. Спорттық мансабы 6 жыл бұрын басталған. VS1 классында өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Каскабаев Ерік Дәулетбекұлы.

Негізгі жетістіктері:

– 2022 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.