2024 жылғы желтоқсан айындағы спорттық жетістіктер – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2024 жылғы желтоқсан айындағы спорттық жетістіктер


2024 жылдың желтоқсан айында паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық және ұлттық құрама командалардың спортшылары халықаралық жарыстарға қатысу мақсатында жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізді. Дайындық жұмыстары 2024 жылға арналған бекітілген спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспары мен қаржылық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылды.

 

  Жоспар  Орындалды  Қалды 
1 Қазақстан Республикасынан тыс халықаралық жарыстар саны 83 83 0
2 Қазақстан Республикасы аумағындағы халықаралық жарыстар саны 2 2 0
3 Республикалық жарыстарды өткізу 56 56 0
4 Жеңіп алынған медаль саны 120 120 0

 

2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 5 оқу-жаттығу жиыны, Қазақстан аумағында 5 оқу-жаттығу жиыны, шетелде 13 халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5 республикалық жарыс өткізілді.

Жарыс нәтижелері

2024 жылғы 1–8 желтоқсан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

 СУРДО ДЗЮДО 

Какитаев Алтынбек (60 кг), Канафин Еркебұлан (81 кг), Айдарбек Тоқтарбек (100 кг) чемпион атанды. Ерлер құрамасы командалық есепте 1-орын, әйелдер құрамасы 2-орын иеленді. Сонымен қатар Жетпісбаева Айым, Қара-оглы Фериде, Хапизов Сабыржан және басқа да спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

СУРДО ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ 

Самарин Андрей, Елюбаев Дәулет, Асан Нұржан және Шонку Хайратхаан алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынына күміс және қола жүлделер қосылды.

СУРДО ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 

Мейрманова Фаина, Колосова София және ерлер арасындағы 4х400 метрлік эстафета құрамасы чемпион атанды. Қазақстандық спортшылар эстафета, секіру және лақтыру түрлерінде бірнеше күміс және қола медаль иеленді.

СУРДО ЕРКІН  КҮРЕСІ 

Самарин Андрей, Жақсылық Досымжан және Шонку Хайратхаан алтын жүлдеге ие болды. Сондай-ақ ұлттық құрама спортшылары бірнеше күміс және қола медаль жеңіп алды.

СУРДО ТАЕКВОНДО

Агжигитов Елнур чемпион атанса, Абдикатова Айжамол күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасының басқа спортшылары қола медальдар жеңіп алды.

 СУРДО ШАХМАТ

Джумагазиева Балжан блиц бағдарламасында чемпион атанды. Кеттебеков Самажан күміс медаль жеңіп алып, командалық рапид сайысында Қазақстан құрамасы 2-орын иеленді.

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × five =