XXV-шы жазғы Сурдлимпиада ойындарының cегізінші жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары еркін күрес, жеңіл атлетика, таеквондо, үстел теннисі, бадминтон және жүзуден сынға түсті.
Таеквондодан ұлттық құрама спортшылары Аян Абдраш пен Айжамол Абдикатова керуги дисциплинасында ел қоржынына медаль салды.
Аян (-58 кг) алғашқы кездесуінде қытайлық Сунг Хингоны 2:0 есебімен, екінші раундта қырғызстандық Дифат Именовты 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалдық бәсекеде ирандық спортшыға 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Аян үшінші орынға таласта түрік спортшысы Екыншы Мухаммед Буракты 2:1 есебімен жеңіп, қола медальді иеленді.
Айжамол Абдикатова (-57 кг) алғашқы жекпе-жекте қырғызстандық Бермет Марсбекованы 2:0 есебімен, ширек финалда қытайлық Джанг Хайанды 2:0 есебімен жеңсе, жыртылай финалда ирандық Золейха Фатимажахрадан 0:2 есебімен есе жіберіп алды. Алайда үшінші орынға таласта Айжамол венесуэлла спортшысы Ортего Селседоны 2:0 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.
Нұрдәулет Жақып (-68 кг) бразилиялық Самуель Оливерді 2:1 есебімен жеңсе, ширек финалда ирандық Вахид Зейналиден 1:2 есебімен ұтылды.
Виктория Протопопова (49 кг) алғашқы жекпе-жекте қырғызстандық Асылхан Турдыкулованы 2:0 есебімен жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Дибар Тожибоеваға 1:2 есебімен есе жіберді. Жұбаныш жекпе-жегінде ливандық Сара Салибаға 0:2 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.
Еркін күресте Ғабит Есжанов (57кг) алғашқы белдесуінде түрік балуаны Мехмет Сонмезді 6:4 есебімен, 1/2 финалда украиндық Сергей Сушевскийді 12:8 есебімен ұтып, финалға шықты.
Шадияр Пернеш (65кг) болгариялық Дилян Димитровті 10:0 есебімен ұтса, ширек финалда венесуэлалық Ангел Боливерді 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда монголиялық Ерхембаяр Намдагдоржды 9:0 есебімен басым түсіп, финалға өтті.
Хайратхаан Шонку (125 кг) ширек финалда кубалық Осмар Тоуризді 12:5 есебімен ұтса, жартылай финалда бейтарап спортшы Алексей Шемаровқа 0:7 есебімен ұтылды. Ертеңгі жарыс күні Хайратхаан қола жүлде үшін күресетін болады.
Рсалы Сабыржан (86 кг) 1/4 финалдық белдесуде бейтарап спортшы Хавор Адамиянды 10-0 есебімен ұтса, жартылай финалда украиналық Анатолий Червоненкоға 4:5 есебімен жол берді. Ертең Сабыржан қола медаль үшін таласады.
Бексұлтан Малайдар (97кг) жартылай финалда үнді спортшысы Сумит Дахияға 0:10 есебімен ұтылды. Бексұлтан ертеңгі жарыс күні үшінші орынға таласқа түседі.
Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) қырғызстандық Әділет Жапарқұловқа 3:1 есебімен есе жіберді. Дегенмен ол жүлдеге қол созу мүмкіндігін ие болып, ертең жұбаныш белдесуінде күреседі.
Жеңіл атлетикада Рауан Бейсебай сырықпен секіруден финалда 4 м нәтижесімен, төртшінші орынға тұрақтады. Антон Щадрин мен Нұрсұлтан Кульдеев сырықпен секіруден іріктеуден өте алмады. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер құрамалары 4х100 метрлік эстафетада да келесі кезеңге шықпады. Қуаныш Темірбаев 3000 м жүгіуде финалда 13:49.08 уақыт нәтижесімен 7-ші орынға тұрақтады. Спортшылар ертең 5000 м жүгіру, 4х400 м жүгіруден әйелдер және ерлер командасы және ұзындыққа секіруден финалдарда өнер көрсетеді.
Жүзуде спортшыларымыз 50м еркін жүзу, 50 м шалқалап жүзу, 400 м кешенді жүзу, 200м баттерфляй және 800 м еркін жүзу дисциплианаларында іріктеуден өте алмады. Ерлер арасында 4х200 м еркін стильде жүзудегі финалық бәсекеде спортшыларымыз 6-шы орын алды.
Үстел теннисінде командалық дисциплинада Қазақстан құрамасы Колумбияны 3:0 есебімен, Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, ертеңгі ширек финалынаның ойындарына шықты. Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңнен өте алмады.
Бадминтонда командалық бәсекеде «А» тобында еліміз оңтүстік Кореяға қарсы ойында 0:5 есебімен ұтылды. Келесі топтық ойынды Үндістан командасымен өткізеді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 18 медаль бар. Оның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола. Алдағы уақытта ұлттық құрама жарыста еркін күрес, таеквондо, бадминтон, үстел теннисі, жүзу және жеңіл атлетика дисциплиналарында сынға түседі. Жарыстар Токио қаласында 26-шы қарашаға дейін жалғасады.
