Велотректен Қазақстан Республикасының ашық кубогы мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Велотректен Қазақстан Республикасының ашық кубогы мәресіне жетті


Астанада «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінде пара велоспорттан Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті. Турнирге тірек-қимыл аппараты мен зияткерлік даму ерекшелігі бар спортшылар қатысты. Жарысқа Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Астана қаласынан келген спортшылар 200 м, 1000 м және 3000 м  жекелей жарыс  түрінен  сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана командасы жеңімпаз атанды (4 алтын, 5 күміс және 3 қола). Қостанай құрамасы екінші  (2 алтын, 1 күміс), ал Алматы облысы үшінші орынға ие болды (3 қола).

Айта кетейік, жарыс 15–16 желтоқсан аралығында өтті.

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × five =