Италияда өтіп жатқан Милан–Кортина Паралимпиада ойындарында көру қабілеті зақымданған спортшылар тобында өнер көрсеткен Анна Грачова пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында іріктеу кезеңінде 4 минут 20 секунд нәтижесімен он екінші болып жарысты аяқтады.
Жарыста Анна Грачова гид – Ермек Ормантаевпен бірге өнер көрсетті. Бұл спортшының алғашқы Паралимпиадасы.