Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара дзюдодан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі.
J2 классында -70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ибрагим Нұрмаханұлы мен J2 класссында -81 кг салмақта Бексұлтан Құлмырза алтын медальді жеңіп алды. Ал, +95 кг салмақта J1 классында Ерлан Утепов күміс жүлдені қанжығасына байлады. Асылан Нұрдәулетов (J1, -70 кг), Бағланбек Оналбек (J1, +95 кг), Жұрқамырза Шүкірбеков (J2, +95 кг) және Даяна Федосова (J2, -60 кг) қола жүлдеге ие болды.
Жалпы медальдік есепте Қазақстан командасы үшінші орын алды. Бірінші орынды 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль нәтижесімен Бразилия командасы жеңіп алса, 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен бейтарап елдің спортшылар құрамасы (NPA) екінші орынды иеленді.
Айта кетсек, пара дзюдодан Әлем кубогы Тбилисиде (Грузия ) қаласында 24–25 наурыз аралығында өтті. Жарысқа 24 елден 163 спортшы қатысты.

?????????????????????
