Филлипинде пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Әйелдер арасында Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Анжела Соловьева (пилот) жекелей сында 4 км қашықтықта жеңімпаз атанып, 1000 м гит дисциплинасында қола медаль еншіледі.
Полина Братчикова (пилот) мен Анастасия Калаус (стокер) дәл осы қашықтықта қола, ал спринттік жарыста күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында 4 км дистанцияда Руслан Алиев (пилот) пен Наиль Ермуханбет (стокер) чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді.
Сонымен қатар, командалық миксте Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер) және Полина Братчикова (пилот) күміс медальді еншіледі.
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара велоспорттан Азия чемпионаты 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин, Таиланд және БАӘ командалары қатысты.
