Таразда шахматтан ел чемпионаты аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таразда шахматтан ел чемпионаты аяқталды

Тараз қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан ел чемпионаты аяқталды. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қостанай, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының спортшылары қатысты.

«Чемпионат рапид, классика және блиц ойын түрлері бойынша өтті. Осы турнирде үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктеледі.

Алдағы уақытта 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында Алматы облысында шахматтан әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Одан кейін спортшыларымыз 6–15 мамыр аралығында Испанияда өтетін әлем чемпионатында сынға түседі»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығың әдіскері Абай Ахметов.

Айта кетейік, шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты 23–31 наурыз аралығында өтті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − 13 =