Таразда 5х5 футболдан ел біріншілігінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таразда 5х5 футболдан ел біріншілігінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті


Таразда 7-10 сәуір аралығында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында 5х5 футболдан Қазақстан Республикасының бірінші кезеңі өтті. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақмола және  Түркістан облыстарының командалары бақ сынады.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша ойын кестесінде Жамбыл облысының командасы 19 ұпаймен көш басында тұр. Екінші орында 18 ұпаймен Алматы обылсы болса, үздік үштікті 16 ұпаймен Алматы қаласының командасы түйіндеді. Сондай-ақ, ойын кестесінде 4-ші орында 9 ұпаймен Астана қаласы, 5-ші орында 8 ұпаймен Ақмола облысы, 6-шы орында 7 ұпаймен Шымкен қаласы, 7-ші орында 4 ұпаймен Атырау облысы және  8 орында әзірге ұпайсыз Түркістан облысы тұр.

«5х5 футболдан ел біріншілігі 3 кезеңнен тұрады және айналым жүйесі бойынша өтеді. Тараз қаласында өткен алғашқы кезеңде командалар өз ұпайларын жинақтады. Алдағы уақытта чемпионаттың екінші кезеңі 16-20 маусымда Түркістанда, ал үшінші кезеңі 15-19 қыркүйекте Алматы қаласында ұйымдастырылады. Жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша жүлдегер командалар анықталып, үздік өнер көрсеткен команданың спортшылары ұлттық команда қатарына іріктелетін болады»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының 5х5 футболдан команда басшысы Мұхтар Танаш.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + nineteen =