5-10 қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысады.
Спартакиаданың басты мақсаты есту қабілеті зақымданған тұлғаларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыста спорттың 11 түрінен 150 медаль ойнатылады:
| · Армрестлинг | · Жеңіл атлетика |
| · Бадминтон | · Жүзу |
| · Грек-рим күресі | · Футзал |
| · Еркін күрес | · Таеквондо |
| · Дойбы | · Үстел теннисі |
| · Дзюдо |
Еске сала кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы алғашқы Cпартакиада 2014 жылы Алматы қаласында спорттың 5 түрінен өтсе, II-ші Спартакиада 2018 жылы Ақтөбе қаласында спорттың 10 түрінен өткен болатын.